Өскемен әкімі Алмат Ақышов қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі – «Металлург» саябағына барып, нысанның жағдайын байқап көрді.
Қала әкімі ең алдымен тазалық мәселесіне көңіл бөлу керектігін айтып, тазалық жұмыстарын жиі ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ саябақтың қоршауын алып тастау жөнінде ой қозғады.
– Саябақ – қоғамдық орын. Тұрғындар мен қала қонақтары үшін саябақ қауіпсіз, тартымды және ашық болуы керек, – деген қала әкімі қоршауларды алу туралы ұсыныс айтты.
Сондай-ақ осы сәтте аттракциондардың бағасына қатысты мәселе талқыланды. Қала тұрғындары бұған дейін бағаға қатысты бірнеше рет шағым жасаған.
– Саябақ басшылығына бағаларды қайта саралап, бірнеше аттракционға бірыңғай билет енгізу жағын қарастыру керек, – деді Алмат Ақышов.
.