Балалар құтқарушылардың қызметімен танысты - ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 29-05-2025, 16:49 0

Бүгін Өскемендегі Самал саябағында «Балалар қауіпсіздігі басты назарда!» атты қауіпсіздік мерекесі ұйымдастырылды.

Шараны Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырып, балаларға төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ережелерін үйретуді мақсат етті. Құтқарушылар балалармен бірге кедергілер жолағынан өтті, алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтары мен қауіпсіздік негіздері таныстырылды.

– Жазда балалардың су айдындарында қараусыз қалуынан түрлі жазатайым оқиғалар жиі кездеседі. Сол себепті, бүгін біз қала тұрғындарына құтқару тобымен бір күн өткізуді ұсындық, – деді Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Балаларға қауіпсіз жағажайларды таңдау, құтқару кеудешелерін қолдану, өрт болған жағдайда әрекет ету жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін көрсетті.

Шараға құтқарушылар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен ТЖД мамандары белсене қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ата-аналар мен мұғалімдердің де назарын маңызды мәселеге аударуға бағытталған.



Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив