Ертең Глубокое ауданынан ауылшаруашылық жәрмеңкесі келеді. Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарына ауылшаруашылық өнімдері арзан бағада сатылатын болады,деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Сенбіде, яғни, 17 мамыр күні қала ішінде екі жерде жәрмеңке өтеді
Әдеттегідей Глубокое ауданының тауар өндірушілерінің қатысуымен – «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағында (Жібек Жолы көшесі, 44) және жергілікті өндірушілердің қатысуымен – Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 68 мекенжайы бойынша, Достық үйінің жанында жәрмеңке өтеді.
Сатылымда: сүт, ет және шұжық өнімдері, азық-түлік, бал, көкөністер, жемістер және басқа да тауарлар болады.