18 мамыр күні Өскеменде шахматтан «Senat Open»-2025 II ашық кубогінің турнирі өтеді.
Жарыс Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да (Серікбаев көшесі, 19) сағат 10.00-18.00 аралығында болады. Оған Шығыс Қазақстан облысының 11 ауданының, сондай-ақ Өскемен және Риддер қалаларының шахматшылары қатысады.
Турнирде үздік шыққан 35 ойыншы 9 тамыз күні Талдықорған қаласында өтетін «Шығыс» жартылай финалында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды.
«Senat Open» жобасына ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастамашылық етіп, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қолдау білдірді. Турнир еліміздегі шахмат әуесқойлары қатысатын ең ауқымды жарысқа айналып, барлық өңірлердің ойыншыларына жаңа мүмкіндік ашты.
Жарыс үш кезеңнен тұрады: 21 ақпаннан 26 мамырға дейін іріктеу турлары, 15 маусым мен 9 тамыз аралығында жартылай финалдар, 29 тамызда Астанада финал. Турнирдің форматы — швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Уақыт бақылау - 10+5. Сайысқа Эло рейтингі 2000-ге жетпейтін ойыншылар қатыса алады.
2025 жылы турнир еліміздің 17 қаласы мен ауданында ұйымдастырылды. Қатысушылардың жалпы саны 1900 адамға жақындады.
Жеңімпаздар жеке және командалық есепте анықталады.