Жүзден асқан жауынгердің ерлік жолындағы естеліктері

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 09:05 0

Көзі тірі соғыстың соңғы жаунгерлерінің  көбі тоқсанның төріне шықса, алды жүз жастан асты. Солардың бірі ғасыр куәгеріне айналып отырған тірі жәдігер – Ұлы Отан соғысының майдангері, жерлесіміз Құрмат Рахимов. Жүз жастағы жауынгердің соғыс жылдары жайлы айтқан естеліктерін ел назарына ұсынып отырмыз. 

Құрмат Рахимов: «Туған жерімізден аттанған соң бізді бір айдан кейін Мәскеу түбіндегі Кунцево қаласына әкелді. Ол қала Мәскеуден 6 – 7 шақырым жерде тұрды. Эшелондар шектен тыс тиелгендіктен кезектен тыс жүріп жатты... Біз дайындық курсын аяқтағанда бізді әскери бөлімдерге бөлді. Ол жерден мені сержанттар мектебіне бағыттады. Толық жүктеме бағдарламамен бізді 6 ай оқытты. 6 айдан соң бізді әскерге жіберулері керек болатын, бірақ жібермей кідіріп қалды. Содан соң жоғары жақтан тағыда қосымша бағдарлама жіберілді деп хабарлады. Ол – «Әйелдер әскери құрылымдарында жұмыс істеу ерекшелігі» деп аталды. Яғни, енді біздер сержанттар әскерге алынған қыздарды оқытып үйретуіміз керек болды. 1943 жылдың ортасында біз бұл бағдарламаны меңгеріп шықтық. Мичурин, Тамбов облысы, Татарстаннан әскерге алынған қыздар келді. Біз оларды оқыттық. Осының барлығы 1943 жылдың күзіне дейін созылды» 

Жауынгер тағы бір естелігінде сол замандағы идеологияның мықты болғанын қынжыла еске алады. «...бізден ешкімде соғысқа барасыңба деп сұрамады. Ол кезде патриоттық тәрбие өте жоғары деңгейде мықты еді. Қазіргімен салыстыруға мүлдем келмейді» деп кейіді. 

Енді бір естелігінде бауырластар қорымы жайлы былай дейді: «Тірі қалғандар қалғандарын медсанбатқа жинады, қаза тапқандарды жерлеу бригадасы жинап, бауырластар зиратына жерледі. Арнаулы тізім жасалды. Құжаттар мен марапат төсбелгілер жинап алынды, медальон бойынша қаза тапқан әрбір жауынгердің үйіне қара қағаз жіберілді. Соғыстың бас кезі мен соңы аралығында жерлеу рәсімінің эволюциясы өзгеріске ұшырауы сол – бауырластар зиратына жерлеу болды.» 

Айта кетейік, Құрмат Рахимов 1942 жылы 18 жасында майданға аттанған. Невель қаласынан Кенигсбергке дейін, Беларусь, Литва және шығыс Пруссия аумақтары арқылы шайқастарға қатысқан. Сол жерде көптен күткен Жеңісті қарсы алған.


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив