Қазақстанда мемлекеттік сатып алулар арқылы отандық өндірушілерді қолдау химия өнеркәсібінде оң нәтиже беріп жатыр.
Саланы дамытуға бағытталған түрлі шаралар ішкі өндіріс көлемін арттырып, импортқа тәуелділікті төмендетуге септігін тигізіп отыр. Мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен алудың арқасында 2024 жылы лак-бояу өнімдері, тұрмыстық химия және жағармай өндірісі 30%-ға артты.
Сонымен қатар, аммофос пен селитра сияқты тыңайтқыштарды заң аясынан тыс экспорттауға лицензиялау тәртібі енгізілді. Бұл шешім ішкі нарықты тұрақты өніммен қамтамасыз етуге және фермерлер үшін бағаның тұрақтануына ықпал етті.
Саладағы оң серпінді жылдың алғашқы тоқсанының нәтижелері де айқындап отыр. Осы кезеңде химия өнеркәсібі өнімдерінің жалпы көлемі 12,5%-ға өсіп, 406 млрд теңгеге жетті
Қазіргі уақытта химия саласында жалпы 49 жоба жүзеге асырылып жатыр.