Жаңалықтар

Самар ауданында бақша шаруашылығын дамыту жоспарланып отыр

Шығыс Қазақстан облысындағы Самар ауданында бақша дақылдарын өсіруді жандандыру көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байжүменов мәлімдеді.

– Бақша шаруашылығы бізде қазірдің өзінде дамыған. Қазір кәсіпкерлер арнайы бөлінген аумақта осы бағытпен айналысып келеді. Сонымен қатар, бірқатар кәсіпкерлер бұл саланы Құлынжон ауылында дамытуға ниетті. Ауыл Күршім бағытына қарай орналасқандықтан табиғи жағдайы бақша шаруашылығын жүргізуге қолайлы. Қазір бақша дақылдарын өсіруге шамамен 15 гектар жер бөлінді. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, – дейді Мұрат Байжүменов.

Айта кетейік, ауданда агроөнеркәсіптік кешен саласы қарқынды дамып келеді. Мұнда бірқатар ауыл шаруашылығы жобалары жүзеге асырылуда. Олардың қатарында, мал бордақылау алаңдарын ашу, суармалы жер көлемін ұлғайту, құрамажем зауытын іске қосу, ірі қара мал сатып алу және қажетті инфрақұрылымды салу жұмысы бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button