БастыЖаңалықтар

ШҚО-да құрылыс компаниялар салықтан жалтарып, үй бағасын төмендетіп көрсеткен

ШҚО-да құрылыс компаниялардың салық төлеу схемаларын әшкере болды.  Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Облыс прокуратурасы көп пәтерлі тұрғын үй құрылысымен айналысатын бірнеше компаниялардың салық төлемдерінің толықтығына тексеріс жүргізді.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет кірісіне қосымша 420 млн теңгеден астам қаражат төленді», — делінген хабарламада.

Атап айтқанда, сатылатын тұрғын үйлердің, соның ішінде коммерциялық үй-жайлардың құны төмендетіліп, сатылған пәтерлердің нақты санының жасырылған.

Сондай-ақ кәсіпорындардың кірісін жасанды түрде азайту үшін сыйға тарту шарттары арқылы ресімдеу фактілері анықталды.

— Талдау нәтижелері бойынша прокуратура органдары қадағалау актілерін енгізді, олардың негізінде салық органдары тиісті тексерулер жүргізуде. Осындай заң бұзушылықтарды анықтау жұмыстары жалғасады және прокуратураның бақылауында, — делінген хабарламады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button