БастыЖаңалықтар

Әуе айлағы, порт, теміржол: Тарбағатайда қандай инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асады?

Қазақстан Республикасының Президенті Тарбағатай ауданында ауқымды инфрақұрылымдық дамуды жүзеге асыруды тапсырған. Осы жұмыстар аясында бірнеше ірі жоба іске асырылмақ.

– Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Зайсан және Тарбағатай аудандарының арасындағы Сәтпай ауылы маңында әуежай салынады. Сонымен қатар, Зайсан көлінде өзен порты құрылып, Майқапшағай – Тұғыл теміржол желісі салынады, – дейді аудан әкімі Дархан Жөргекбаев.

Сондай-ақ оның айтуынша, «SHYGYS» арнайы экономикалық аймағын құру тұжырымдамасына сәйкес ауданда өндіріс, логистика және сауда салаларына отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған инфрақұрылымдық хаб қалыптастыру жоспарланып отыр.

– Аймақтың басты артықшылығы – Қытай Халық Республикасының шекарасынан небәрі 130 шақырым қашықтықта орналасуы, сондай-ақ жоғары транзиттік және көлік-логистикалық әлеуетінің болуы, – деп атап өтті аудан әкімі.

Әкімнің айтуынша, ең ірі жобалардың бірі – «Қызылқайың» кен орнын игеру. Қазір онда геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысы 2028 жылы басталады деп күтілуде. Кәсіпорын толық өндірістік қуатына шыққаннан кейін шамамен 1500 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button