«ALTAI FEST»: Катонқарағайға қай әншілер келеді?

10-12 шілде күндері Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Фестиваль аясында айтыс, поэзия, аламан бәйге, ұлттық спорт түрлері, қолөнер және этно-мәдени шаралар, жұлдыздардың қатысуымен ауқымды гала-концерт өтеді.
Концертте Қазақстаннан және түркітілдес елдерден келген өнерпаздар өнер көрсетеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, үш күнге созылатын мәдени мерекеде көрермендер ұлттық және заманауи музыканың үйлесімін тамашалап, түркі халықтарының өнерімен жақынырақ таныса алады.
11 шілде күні сағат 19:00-де өтетін концертте қарақалпақстандық әнші Алишер Байниязов, Әзірбайжандық әнші EFENDI, Венгрияның танымал NOX тобы, Қырғызстандық танымал әнші JAX, Өзбекстаннан Севарахон Туланова, Түркияның танымал әншісі Мурат Япрак, «Сармат» тобы, Тыва Республикасының әншісі AIZANA, Башқұртстаннан HAZINA этно-тобы, Моңғолиялық талантты музыкант Сүбедей Самдын, танымал әнші Төреғали Төреәлі өнер көрсетеді. Сондай ақ, тағы бір құпия өнерпаз бар. Ұйымдастырушылар әзірге есімін құпия ұстап отыр.



