Жаңалықтар

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Ішкі істер министрлігі азаматтарға алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Соңғы уақытта күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары кездесуде. Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, өздерін лауазымды тұлға, бұрынғы әріптес немесе таныс адам ретінде көрсетеді. Әртүрлі сылтаумен шұғыл түрде қарызға ақша беруді сұрайды.

Ішкі істер министрлігі ақша аударуды сұраған хабарламаларға, тіпті олар өзіңіз танитын адамның атынан келсе де сенбеуді, ешкімге SMS-кодтарды, банк картасының деректерін, құпиясөздерді және басқа да жеке мәліметтерді бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және белгісіз қосымшаларды орнатпауға шақырады.

– Осындай хабарламалар алған жағдайда, ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде өзіңіз білетін телефон нөмірі немесе ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіздер, – деп ескертті ІІМ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button