Жаңалықтар

ШҚО-да түрмеге телефон өткізбек болған ер адам ұсталды

Өскеменде Ұлттық ұлан әскери қызметшілері түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Тыйым салынған аймақты патрульдеу барысында 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшісі мекеме қызметкерлерімен бірге қоршау арқылы тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адамды байқап қалған.

– Тәртіп бұзушының 41 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Тексеру барысында оның түзеу мекемесінің аумағына екі ұялы телефонды өткізбек болғаны белгілі болды. Тыйым салынған заттар тәркіленді. Оқиға бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button