Өскеменде де жұмыс уақыты өзгерді

ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 20-03-2025, 09:18 0

20 наурыздан бастап облыс орталығындағы мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері жұмысты таңғы сағат сегізде бастайды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Шығыс өңірі жыл басынан бері бірыңғай уақыт белдеуіне бейімделуді бастады. Әуелі аудан әкімдіктері тұрғындармен келісе отырып жұмыс уақытын өзгерту туралы шешім қабылдады. Он бір ауданнан кейін бұл өзгерісті Риддер де қолдады.

Бұл бастаманы бүгін Өскемен түйіндеп отыр.  Жұмыс уақыты 8.00-ден 17.30-ға дейін, үзіліс 12.00-ден 13.30-ға дейін.

Алдын ала ақпарат бойынша, медициналық ұйымдар, балабақшалар мен мектептер жаңа кестеге ауыспайды.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив