Облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов жұмыс сапарымен Алтай ауданына барып, жергілікті халықпен кездестін. Кездесуде жұмыс кестесін өзгерту мәселесі талқыланды.
Дархан Сапанов Шығыс Қазақстан облысының көптеген аудандары жаңа жұмыс режиміне көшкенін атап өтті.
– Бірыңғай уақыт белдеуі кейбір аудандарда ыңғайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінеміз. Бірақ жаңа жұмыс кестесі уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз бұл мәселені бірге талқылау үшін келіп отырмыз, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Бұған дейін жұмыс тобы жеті ауданға барған. Жеті ауданда да жаңа жұмыс режимі туралы шешім халықтың келісімімен мақұлданды. Айта кетуіміз керек, балабақшалар мен мектептер әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.
12 наурыздан бастап Алтай ауданында да жұмыс уақыты 8.00-де басталды.