Ертіс жағасында, Бұқтырма көпірінің маңында, дәстүрге айналған балықшылар фестивалі өтті. 455 қатысушы, оның ішінде 15 әйел адам және 20 бала бар, үш сағат бойы шеберлік байқасты.
Іс-шара соңында балықшыларға бірнеше аталым үлестірілді. Атап айтқанда, «Бірінші ауланған балық», «Ең үлкен балық», «Жас балықшы», «Әйел балықшы» және «Ардагер балықшы» сынды аталымдар өз иелерін тапты.
Жүлдегерлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.
Қорытынды:
Бас жүлде – Нұртас Жанұзақов;
1-орын – Дмитрий Кручий;
1-орын – Айқын Мағауия (балалар арасында);
2-орын – Асхат Ғабдуллин;
3-орын – Тимур Мейірбаев;
4-орын – Медет Болдыбаев.
Табиғат аясындағы тамаша іс-шара қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.