Еліміздегі ең бай зейнеткер қанша алады?

ЖАҢАЛЫҚТАР 26-02-2025, 11:40 0

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Қазақстандағы ең жоғары ай сайынғы зейнетақы төлемі 993 040 теңге екенін хабарлады.

Қаңтарда бұл көрсеткіш 945 752 теңге болған. Ал зейнет жасына жеткен азаматтарға БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем 35 523 теңге (қаңтарда 33 906 теңге) болған.

БЖЗҚ мәліметінше, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 17,24 миллион зейнетақы шоты бар.

«Қазіргі уақытта қазақстандықтардың зейнетақы активтері 22,64 триллион теңгеге жетті. Соңғы 12 айда зейнетақы активтері 4,52 триллион теңгеге (немесе 25 пайызға) өсті», - делінген хабарламада.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив