Өскеменде «ES-аға» фотожурналистика клубы ашылады

фото: depositphotos.com

ЖАҢАЛЫҚТАР 3-02-2025, 12:46 0

Белгілі фотограф Есімхан Орынбаевтың 70 жылдық мерейтойына орай Пушкин атындағы облыстық кітапхана жанынан «Ес-аға» фототілшілер клубы құрылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Есімхан Орынбаев 1955 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. Иркутск мемлекеттік университетінің фотография бөлімін тәмамдаған. 1986 жылы Өскеменге көшіп келіп, облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетіне жұмысқа тұрып, өмірін шығармашылығымен ұштастырған. 

«Оның суреттерінде түрлі адамдар, оқиғалар мен фактілер бейнеленген және бір жұмыс екіншісіне ұқсамайды. Ол әр сәттің керемет көріністерін сомдай білген өз саласының нағыз маманы. Оны жай ғана Есаға дейтін... Бір сөзбен айтқанда, Есағаның фотоқорында Шығыстың бүтін бір тарихы жатыр», - дейді кітапхана мамандары.

«Ес-аға» клубының мақсаты – фототілші болуға ынта-ықыласы бар жерлестерімізге өз қабілетін жетілдіруге мүмкіндік беру. Фотожурналистикаға бейімі бар адамдарға фотопортрет, пейзаж, фоторепортаж, фотоочерк және тағы басқа түсірудің тәсілдерін үйрету, шеберліктерін шыңдау.

Фототілшілер клубы 7 ақпан күні сағат 15.00-де ашылады.

 


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив