Ұлттық «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Тройницкое ауылында медициналық пункттің құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 192 млн теңге. Бұған қоса, 2023 жылы Желдіөзек, Отрадное, Макеевка, Казачье және Сарыөзек ауылдарында жалпы сомасы 732,8 млн теңгеге 5 медициналық пункт салынды.
– «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде Қасым Қайсенов кентінде 150 адамға қызмет көрсетуге арналған жаңа емхана құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны – 3,7 млрд теңге. 2023 жылы 600 млн теңге, 2024 жылы 2 млрд теңге бөлінді. Бұл жұмыстарды «ЭЛХОН» ЖШС мердігері жүзеге асыруда. Сонымен қатар, Айыртау және Герасимовка ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларға 278,5 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.