Өскеменде екі бірдей ірі жолайырық салынады


ЖАҢАЛЫҚТАР 13-12-2024, 12:36 0

Келер жылы облыс орталығында екі бірдей ірі жолайырық салынады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Облыстық мәслихаттың XIX сессиясында 2025-2027 жылдарға арналған жол жұмыстарын қаржыландыру мәселесі талқыланды. 

2024 жыл Шығыс өңірінде Жол жылы деп жарияланғаны белгілі. Соның аясында бұл салаға ерекше көңіл бөлініп, жөндеу жұмыстары бойынша рекордтық көрсеткіштер тіркелді. Осы бағыттағы жұмыс алдағы жылы да жалғасады. Өңірге жұмыс сапарымен келіп қайтқан қаржы вице-министрі де қандай да бір себеппен тоқтаған жол жобалары келер жылы жалғасатынын атап өткен болатын. Алдағы жылы Өскеменде Сәтбаев және Жібек жолы даңғылдарын қосатын, сондай-ақ Славский атындағы жағалауды көпірмен байланыстыратын екі ірі жолайырық салынады.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив