Самар ауданында жағажай туризмі жандана түседі. Бұл туралы ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың жергілікті халықпен кездесуінде айтылды, деп хабарлай Bizdiң Өskemen тілшісі.
Самарға биыл қаңтар-қыркүйек аралығында 15 мыңға жуық демалушы келген. Өңір билігі ауданның негізгі әлеуетін ескере келе, бұл көрсеткішті әлі де жақсартуға болады деп есептейді.
Самар бүгінде даму жолына түскен, өңір экономикасының өрлеуіне үлес қосып келе жатқан аудан. Мұнда әсіресе мал шаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешенінің жұмысы ілгері. Дегенмен тағы бірқатар саланының жұмысын пысықтау керек. Мәселен, Бұқтырма бойында орналасқан, әсем жағажайы бар жерде неліктен туризм саласы қарыштап дамымайды. Аудан басшылығы жауапты басқармалармен бірлесе отырып, осы бағытта жұмыс істеуі тиіс, — деді Нұрымбет Сақтағанов.
Ал жаңа тағайындалған әкім Серік Жеңісовтың айтуынша, - Самардың туристік саладағы мүмкіндігі тіпті зор.
-Бұл жерді "Қазақстандағы Анталияға" айналдыруға болады. Осы бағыттар бойынша жұмыс істейміз, — деді жаңа әкім.