Жасөспірімдерді қағып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-12-2024, 15:11 0

Облыс орталығында екі жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Бұл оқиға 7 желтоқсанда сағат 18:30 шамасында Назарбаев даңғылының бойында болған.

«Жүргізуші жаяу жүргінші өткелімен бара жатқан екі жасөспірімді қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қазір құқық бұзушының жеке басы анықталып жатыр, көлік те іздестірілуде, – деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив