Агроөнеркәсіптік кешеннің өнімдерін сертификаттаудың халықаралық зертханасы ашылады – ШҚО әкімі


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-12-2024, 12:40 0

Шығыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешеннің өнімдерін сертификаттаудың халықаралық зертханасы ашылады. Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді.

Облыс әкімінің айтуынша, сұйық май өндірісі бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр.

– Өңірде бірнеше ірі май экстракциялық кәсіпорындар, оның ішінде Предгорное ауылында "Алтын Шығыс" зауыты жұмыс істейді.  Өскеменде "Алтын Май" зауытының құрылысы жүріп жатыр. Өткен жылы халықаралық келіссөздер аясында Шығыс Қазақстан облысы, Қытай Халық Республикасы және Өзбекстан арасында жалпы сомасы 26 миллион доллардан асатын бірнеше экспорттық келісімдерге қол қойылды, - дейді Ермек Көшербаев. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив