Шығыс Қазақстандағы құрылысы аяқталмай жатқан дене шынықтыру кешендеріне байланысты олардың құрылысын аяқтау үшін қандай іс-шаралар қабылданып жатыр? Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевқа БАҚ өкілдері осындай сұрақ қойды.
– Осы құрылысты аяқтау үшін 2023 жылы біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен бірлесіп осы мәлеселерді қарастырдық. Тавриядағы кешенге барғанда өз көзіммен көрдім сапасы өте нашар. Жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес келмейтін құрылыс шараларын қолданған. Оны біз қабылдаған жоқпыз. Марқакөл және Үлкен Нарында салынған нысандар олар толығымен аяқталған жоқ. Ортасына келіп тастап кеткен. Қаржыландыру мәселесі шешілмеген. Біз ақшасын беріп едік ол ақшаның қайда кеткеніне олар жауап бере алмады. Қосымша уақыт бердік оның бәрін аяқтауға. Олар оны аяқтай алмады. Біз тиісті шешімдерді қабылдадық. Келесі жылдың ортасына дейін бәрін аяқтаймыз. Тавриядағы және Бозанбайдағы кентерінде шараларды осы жылдың аяғына дейін бітіреміз, - дейді облыс әкімі Ермек Көшербаев.