Фото: primeminister.kz
Биыл ШҚО-да “Жол жылы” жарияланған болатын. Облыс бойынша 600 шақырым жол жөнделіп, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Оның ішінде ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген 9 ауылға жол салынды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев мұнымен барлыс мәселе шешілмегенін айтады. Яғни әлі де жөндеуді қажет ететін ауыларалық, аудандарыл жолдар бар.
- Барлық жұмысты бір күнде атқару мүмкін емес. Жол жөндеу жұмыстары келесі жылы жалғасын табады. Оған арнайы тізім жасалған. Жоспар бойынша 300 шақырым жол жөндеуді жоспарлап отырмыз, - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ облыс әкімі жоладырның сапасын жақсару үшін де бірқатар шаралар қолға алынғанын жеткізді.
- Бұрын жол сапасына 1,5-2 жыл кепілдік берілетін, биыл біз оның 3 жылға создық. Айта кету керек, егер салынып жатқан жол сапасы тұрғындарға ұнамаса бізге хабарласып, шағымдануға болады, - деді Ермек Беделбайұлы.