Өскеменде үстел теннисі академиясы салынуы мүмкін


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 9-12-2024, 11:00 0

Жер учаскесі бөлініп, республикадағы алғашқы ұлттық үстел теннисі академиясын салу үшін жоба әзірлеудің бірінші қадамы басталды. Бұл туралы Облыстық үстел теннисі федерациясының басшысы Жақсылық Омар мәлімдеді. 

– Облыстық үстел теннисі федерациясының басшысы ретінде мен осы олимпиадалық спорт түрінің біздің өңірде дамығанын шын жүректен қалаймын. Соңғы жылдары бұл спорт тамаша даму қарқынын көрсетті. Теннис орталығының құрылысы бұған айтарлықтай серпін берді. Мемлекет басшысы биылғы жылы қалаға жұмыс сапарымен келіп, аймақтағы үстел теннисінің дамуына жоғары баға берді және даму бағытын белгіледі. Осы бағыттағы жоспарлар жүзеге асырыла бастады, - деді Облыстық үстел теннисі федерациясының басшысы Жақсылық Омар.  

Жақсылық Омардың айтуынша, республикадағы алғашқы ұлттық үстел теннисі академиясында басқа өңірлерден келген балалар жиындардан өтіп, шеберліктерін жетілдіре алады. 

– Біз өз қаламызға көп көңіл бөлгіміз келеді. Қаланың балабақшаларында теннис клубтарын ұйымдастыру перспективаларын талқыладық, - дейді Жақсылық Омар. 



Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив