3 желтоқсан күні Астана қаласында өткен «Тең мүмкіндіктер» спорт фестивалінде Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған «Қайсар» командасы жеңіл атлетика бойынша бірінші орын алып, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 21 қараша күні ШҚО-да «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер» спорт фестивалі ұйымдастырылған. Нәтижесінде Глубокое ауданы Белоусовка орта мектебінің оқушыларынан құралған «Қайсар» командасы жеңіске жетіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
Бұл фестиваль ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өткізілді. Жоба қоғамда тең мүмкіндіктерді насихаттап, инклюзивтілік қағидаттарын нығайтуға зор үлес қосуда. Жарыс жеңімпаздарын жақындары мен «AMANAT» партиясының өкілдері салтанатты түрде күтіп алды.