Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорықта «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Бұл акцияның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу.
Дөңгелек үстел Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі С.М. Мизанбековтің, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының заңгері Б.С. Серікбековтің, Үлбі халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығының директоры С.М. Әубәкірованың, ШҚО бойынша «Ана үйі» жобасының өңірлік басшысы Н.Т. Оңғарбаеваның, полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы Н.Т. Саяжанованың қатысуымен өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған әңгімелесу өткізілді, сондай-ақ, тақырыптық бейнероликтер ұсынылды.
Бірлескен кездесу барысында қатысушылар өзекті мәселені шешу туралы өз көзқарастарын айтты.