Қазақстан Республикасының әрбір азаматы жеке тұрғын үй құрылысы үшін ауданы 0,1 га тегін жер учаскесін алуға құқылы, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Жеке тұрғын үй құрылысы алаңдарын сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз ету қажеттілік болып табылады. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жоқ елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана рұқсат етіледі.
Ағымдағы жылы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге 18451,5 миллион теңге, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына 3690,9 миллион теңге қаржы бөлі көзделген.
Айта кету керек, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұраған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және бөлу алаңдарының дайындалуына қарай кезектілік тәртібімен қанағаттандырылады. Арнайы есепке қою кезінде азаматтың осы нысаналы мақсатқа бұрын мемлекет берген жер учаскелерінің болуы немесе болмауы ескеріледі.
2022 жылы «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қарау немесе кезекке қою» мемлекеттік қызметі қызметі іске қосылған. Арнайы есепке қою үшін өтініш «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде электрондық түрде беріледі. Қызметті автоматтандыру азаматтарға арнайы есепке күш жұмсамай тұруға және өз кезегін көруге мүмкіндік береді, алайда арнайы есепке қою процесінің қарапайымдылығынан кезек бірнеше есе өскен.
Қазіргі күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша жер учаскесін алу кезегінде 42 мыңнан астам адам тұр. Оның ішінде 29 194 адам Өскемен аумағындағы учаскеге кезекке тұрған.
Жер учаскесін жеке меншікке тегін беру оны игергеннен (тұрғын үйді пайдалануға бергеннен) кейін жүргізіледі. Игеру кезеңіне учаскелерді беру уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану (жалға алу) құқығымен жүргізіледі.