Қазақстанда 180-ге жуық мектеп салынбақ


ЖАҢАЛЫҚТАР 3-12-2024, 14:16 0

сурет: primeminister.kz

3 желтоқсан күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылдық мектептерді дамыту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы ауыл мектептерін дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2027 жылға дейін 180-ге жуық мектеп салу жоспарланған. Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қоса алғанда, 42 ауыл мектебі пайдалануға берілді. Соңғы үш жылда ауылдарда 2,5 мыңға жуық мектеп жаңғыртылды. Оқыту жағдайларын жақсарту және жайлы орта құру мақсатында 800-ден астам мектепті қайта жаңарту жүргізілуде. Сондай-ақ ауыл мектептері үшін 4 мыңнан астам  пән кабинеті сатып алынды, - деді Олжас Бектенов. 

Бүгінде еліміздегі мектептердің 67%-ы ауылдық жерлерде орналасқан, онда мектеп жасындағы балалардың шамамен 40%-ы білім алады.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив