Қазіргі күні облыс орталығында азаматтарға ыңғайлы және сапалы қызмет көрсетуге арналған бірегей халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) салынып жатыр. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі “Супер ЦОНның” құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
«Супер ЦОНда» барлық мемлекеттік органдардың қабылдау бөлмелері, open әкімдік, құқық қорғау органдарының орталығы, бизнесті дамыту жөніндегі блок орналасады. Жобаның басты мақсаты - аймақтағы мемлекеттік және басқа да қызмет көрсету мекемелерін бір жерге шоғырландырып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау.
Сондай-ақ облыс әкімі халық көп жиналатын орталықтың автотұрақ мәселесіне де баса назар аударуды тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, «Супер ЦОН» Жібек жолы көшесінің бойындағы “Алтай” көтерме-тарату орталығының аумағында орналасқан.