Елімізде дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе өсті


ЖАҢАЛЫҚТАР 18-11-2024, 11:00 0

17 қарашада бүкіл әлемде 2009 жылы Еуропалық жаңа туған нәрестелерге күтім жасау қоры (EFCNI) құрған шала туған нәрестелер күні атап өтіледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 20-22 мың бала мерзімінен бұрын туады, бұл барлық жаңа туған балалардың шамамен 5%-ын құрайды. Жүктілігі 36 аптадан аз және салмағы 2500 грамнан кем туған бұл балалар ерекше күтімді қажет етеді. 

– Қазақстанда қазіргі заманғы тиімді перинаталдық технологиялар дене салмағы 500 грамнан және салмағы 1000 грамнан төмен жаңа туған нәрестелерге сәтті күтім жасауға мүмкіндік береді, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.  

Соңғы 15 жылдың ішінде нәресте өлімінің көрсеткіші 3 есе, неонаталдық өлім 3,3 есе төмендеді, ал дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе өсті.

–  Бұл нәтижелер Орталық Азия елдерінің арасында үздік нәтижелердің бірі, - дейді министрліктегілер.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив