Қазақстанда жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу 2025 жылғы қаңтардан бастап электрондық форматқа ауыстырылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 1,6 млн азаматтың жұмысқа рұқсат туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары, оның ішінде қоғамдық тамақтану саласында – 780 мың, білім беру саласында-550 мың, денсаулық сақтау саласында – 272 мың және жеке секторда-52 мың медициналық кітапша бар.
Электрондық форматты енгізе отырып, жеке медициналық кітапшаларды бірден бірнеше ұйымда ұсынуға болады, бұл азаматтардың қаражатын үнемдейді.