Қазақстанда «жылы асфальт» технологиясы сынақтан өтуде


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-11-2024, 16:00 0

Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары республикалық маңызы бар автожолдарда ауа температурасы -10 градуста асфальт төсеуге мүмкіндік беретін арнайы технологияны сынақтан өткізуде. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, жол құрылысы стандарттары бойынша, асфальт-бетон қоспасының температурасы жол салу кезінде кемінде 125-130 градус болуы керек, ал асфальт тек +5 градустан жоғары ауа температурасында ғана төселуі тиіс. Алайда ғалымдар қоспаны 90 градус температурада дайындап, оны -10 градусқа дейінгі температурада төсеуге мүмкіндік беретін кешенді қоспаны ойлап тапты.

– Қоспаны қолдану барысында жол жамылғысының барлық физика-механикалық қасиеттері сақталады, асфальтты дайындау және тығыздау кезеңдерінде энергия шығыны едәуір азайып, қоршаған ортаға тиетін теріс әсер көрсеткіші төмендейді. Институт мамандары кешенді қоспа битум мен минералды материалдар арасындағы байланысты күшейтетініне де назар аударуда. Арнайы қоспанының зертханалық сынақтары алдымен Алматыдағы Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының лабораториясында жүргізілді. Зертханалық сынақ нәтижесі жаңа қоспа қатал климаттық жағдайда жолдың мерзімінен бұрын тозуын болдырмайтынын көрсетті, - делінген хабарламада.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив