Алматыда ақшаны жымқыруға қарсы жүйе
мамандарын дайындау семинары басталды
Алматыда Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық топқа мүше мемлекеттердің бағалаушыларына арналған семинар басталды.
Шараны ЕАТ Хатшылығы Қаржылық мониторинг агенттігімен және ХҚМОӘО-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинарға ЕАТ-қа мүше Беларусь, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан сияқты елдердің 50-ге жуық өкілдері, сондай-ақ MONEYVAL тобының мүшелері Әзірбайжан мен Сербия сарапшылары қатысуда.
Қатысушылар апта бойы өзара бағалауды жүргізудің негізгі критерийлері туралы айтып, ФАТФ ұсынымдарына техникалық сәйкестікті және АЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ ұлттық жүйелерінің тиімділігін бағалау әдістемесін, сондай-ақ Өзара бағалаудың 3-ші раундын өткізуге арналған ЕАТ рәсімдерін зерттейді.
Семинарды аяқтағаннан кейін ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының өкілдері Өзара бағалауды жүргізу рәсімдері мен Әдістемесі туралы қажетті білім алады және сарапшылар пулына енгізіледі.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі