Қазақстанда Вьетнам, Сингапур, Мароккоға халықаралық рейстер ашылады


ЖАҢАЛЫҚТАР 1-11-2024, 11:30 0

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен Әуе қатынасы туралы келіссөздер жөніндегі ИКАО (ICAN-2024) іс-шараға қатысты.   

Көлік министрлігің мәліметінше, іс-шара аясында қазақстандық делегация Ресей Федерациясының, Сингапурдың, Малайзияның, Ұлыбританияның, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Вьетнамның, Грузияның, Марокконың, Эфиопияның және Руанданың авиациялық билік орындарымен келіссөздер жүргізді, оның қорытындысы бойынша елдермен тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.    

Вьетнам, Марокко, Эфиопия, Руанда елдерімен рұқсат етілген жиіліктер саны 5 еседен астам ұлғайтылды (аптасына 14-тен 73 рейске дейін). Сондай-ақ, Сингапур, Вьетнам, Марокко, Эфиопия, Грузия елдерімен "ашық аспан" режимі орнатылды, оның ішінде тасымалдаушыларға "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалану құқығы берілді. Сонымен қатар, келіссөздер барысында Ұлыбританияға рейстерді орындау құқықтары бекітілді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив