Ғарыш станциясын дамыту мақсатында Қазақстан Ресеймен Байқоңыр қаласынан әуе қатынасын ашу туралы келісімге келді.
Көлік министрлігінің мәліметінше, Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Ресей көлік министрінің орынбасары Владимир Потешкинмен кездесу барысында қос тарап Байқоңыр қаласына әуе қатынасын орнатуға келісті.
– Қазақстан мен Ресейден Байқоңыр қаласына әуе қатынасын орнату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді, - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.