Биыл елімізде фармацевтика саласындағы құқық бұзушылықтар саны артып келеді. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2024 жылдың тоғыз айында фармацевтикалық қызмет пен саланың ережелерін бұзудың 1,2 мың фактісі тіркелген. Бір жыл ішінде мұндай құқық бұзушылықтардың саны 2,3 есеге артқан. 1,1 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызметке байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар саны бір жылда 42%-ға өсті, 996 адам жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, 2024 жылы медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат алу кезінде жалған мәліметтер беру бойынша 29 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.