24 қазан – Кітапханашылар күні


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-10-2024, 11:30 0

Кітап – баға жетпес қазыналардың бірі, сол өлшеусіз қазынаны халыққа жеткізіп, насихаттаушы – кітапханашылар. Оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыруда кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз. 

Жыл сайын 24 қазанда Кітапханашылар күні атап өтіледі. Осыдан 2 жыл бұрын ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан- Кітапханашылар күні» болып бекітілді.  Қазір елімізде 25 мыңнан астам кітапханашы қызмет етеді. 

– Кітапхана – білім мен мәдениеттің, шығармашылық пен руханияттың қасиетті шаңырағы. Елімізде 12 мыңға тарта кітапхана бар, оның ішінде Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты 4 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейді. Аталмыш көпшілікке қолжетімді кітапханаларда 9 502 кітапханашы қызмет атқаруда. Кітапханаларда жалпы саны 73 млн шамасында кітап бар. Электронды ресурстың цифрлық көшірмелері 77 мыңнан асты. Бұл біздің еліміздің баға жетпес рухани байлығы. Айрықша еңбектің арқасында жыл сайын көпшілік кітапханаларды пайдаланушылар саны артып келеді. Кәсіби мереке қарсаңында кітапхана қызметкерлеріне күнделікті қажырлы қызметі, ұлттық және әлемдік мұраны сақтай отырып, оқырмандарды ақпаратпен қамтамасыз етуде атқарып жатқан еселі еңбегі үшін алғыс айтамын, - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.     

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 2020-2024 жылдар аралығында көпшілік кітапхана пайдаланушыларының саны 3 миллионнан 5 миллионға өсті. Электронды кітаптар мен құжаттарға жыл сайын әлемнің 110 елінің пайдаланушылары жүгінеді. Кітаптарды жаңғырту, оларды жабдықтау мен қорларды толықтыру жұмыстары жалғасуда. «Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана» жобасы айтарлықтай дамып келеді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив