Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук пен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин екі ел арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 25-ші отырысында Қазақстанда үш жылу электр станциясын салу мәселесін талқылады.
– Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тату көршілік пен тығыз ынтымақтастық қағидаттарына негізделген және үкіметаралық комиссия отырысы аясында біз күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын қарастырып жатырмыз, - дейді Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук.
Сәуірде Қазақстан мен Ресей Көкшетау, Семей және Өскеменде көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясын салу туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
Құрылыс 2025 жылы басталады.