Елімізде орташа зейнетақы мөлшері жарияланды


ЖАҢАЛЫҚТАР 17-10-2024, 13:00 0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 803 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 882,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 920,2 миллиард теңге қарастырылды.

– 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 810 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 211 теңге, базалық зейнетақы – 42 599 теңге, - делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 413 мың адам.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив