Мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылады


ЖАҢАЛЫҚТАР 11-10-2024, 13:10 0

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылатынын хабарлады. 

Оқу-ағарту министрі мен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елордалық білім беру ұйымдарының директорларымен кездесті. Кездесу барысында денсаулық сақтау министрі мен оқу-ағарту министрі 1000-нан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық кабинеттерді ашу мәселесін талқылады. 

Оқу-ағарту министрі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен кейбір нормативті-құқықтық актілерді қайта қарау мәселесіне тоқталды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен балалардың денсаулығын нығайту бойынша бірлескен жоба аясында келесі жылдан бастап ірі мектептерде стоматология кабинеттері ашылады. 

Бүгінде еліміздің 6 өңірінде 98 кабинет жұмыс істейді, онда қабылдауды дантисттер жүргізеді. Бірақ одан әрі «Сау тіспен болашаққа» жобасының шеңберінде мектеп жасындағы барлық балаларды стоматологиялық аурулардың профилактикасымен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив