2025 жылы "Кеден" ақпараттық жүйесі іске қосылады


ЖАҢАЛЫҚТАР 30-09-2024, 14:35 0

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кеден ісі саласындағы қызметтерге ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ететін «Кеден» ақпараттық жүйесін әзірленіп жатыр. Бұл туралы Тарифтік реттеу басқармасының басшысы Руслан Нұрлыбеков мәлімдеді. 

«Кеден» ақпараттық жүйесі мобильді қосымшасының көмегімен пайдаланушылар тауарлар мен көлік құралдарын кедендік декларациялауды жүзеге асыра алады, сонымен қатар жолаушылар кедендік декларациясын тапсыра алады. 

Сонымен қатар, жүйе кедендік төлемдер мен салықтарды қамтамасыз етуді тіркеу, уақытша сақтау қоймалары мен кедендік қоймалар тізіліміне енгізу сияқты қосымша мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ кеден саласындағы басқа да бірқатар қызметтерді алуға мүмкіндік береді. 

Қазіргі уақытта «Кеден» ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр және мобильді құрылғылар үшін 2025 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив