20 жылдан асып кеткен: елдегі ең ескі көліктерді қай облыстың адамдары теуіп жүр
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда маусым айында 132,8 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылғанын хабарлайды.
▪️Көлігіңіздің “жасы” нешеде
Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқандардың үлесі – 44,4%, 10 жылдан асқан бірақ 20 жылдан кем көлік үлесі – 23,6%, 7–10 жыл болғандар – 12,6%, 3-7 жыл аралығындағылар – 13,2% және автокөлік құралдарының тек 6,2%-ның шыққан жылы 3 жылдан аспайды.
▪️Ең ескі көліктерді кімдер мініп жүр
Шығарылған жылы 20 жылдан астам жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 325,2 мың. Сонда көліктердің Алматыда 189,7 мыңы, Жамбыл облысында 168,8 мыңы, Қарағанды облысында 162,9 мыңы және Шығыс Қазақстан облысында 154 мыңы жүйткіп жүр.
Ұлысмедиа