Өскемендегі Комсомол аралында, Үлбі көпірінен Протазанов көшесіне дейінгі аумақта және Ғашықтар аллеясында дезинсекциялық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мәлімдеді.
Дезинсекция кешкі сағат 20.00-ден бастап жүргізіледі. Содан кейін жұмыстың тиімділігіне мониторинг жасалады.
Іс-шара бойынша толық кестені Өскеменнің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ресми парақшасынан көруге болады.