ШҚО-да туристік аймақтарда полиция жасағы жұмыс істейді

ЖАҢАЛЫҚТАР 11-06-2025, 11:04 0

ШҚО Полиция департаменті қоғам белсенділері мен еріктілермен бірлесіп, туристік аймақтарда полиция жасағының тұрақты қатысуын қамтамасыз ететін патрульдік бағыттарды әзірледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елімізге келген туристердің жайлы және қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-Министр туристердің қауіпсіздігін күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстың салалық мекемелеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.

– ШҚО-да туристердің қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданды. Демалыс аймақтарында отандық және шетелдік туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау қажет. Қауіпсіздік мәселесі тұрақты бақылауда, – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, құрамында патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар және ШҚО ТЖД қызметкерлері бар мобильді топтармен рейдтік іс-шаралар жүргізілетін болады. Бұл топтар әкімшілік заңнаманың орындалуын, судағы қауіпсіздік ережелері мен санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайды. Демалыс және мереке күндері олардың жұмысы күшейтіледі.

Барлық патрульдік автокөліктер қажетті құтқару құралдарымен жабдықталған.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив