AIBYN-2025: ШҚО оқушылары халықаралық додаға түседі

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-06-2025, 17:11 0

Шығыс Қазақстан облыстық «Shygys Aibyn-2025» әскери-патриоттық байқауының жеңімпаздары атанған Алтай қаласындағы С. Нұрмағамбетов атындағы мектептің оқушылары «AIBYN-2025» халықаралық сайысының келесі кезеңіне қарқынды дайындық үстінде.

Көктемде Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімде өткен аймақтық байқауда жеңіске жеткен С. Нұрмағамбетов атындағы мектептің оқушылары облыс намысын республикалық деңгейде қорғауға мүмкіндік алды. 

– Біз күн сайын дайындық жасап жатырмыз. Әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындауға тырысамыз. Мақсат – алдағы байқауда үздік нәтиже көрсету, – дейді 8-сынып оқушысы, команда мүшесі Рысбек Әлімхан.  

Жаттығулар барысында оқушылар саптық қозғалыстарды, әскери-қолданбалы спорт түрлерін, алғашқы көмек көрсету тәсілдерін және тактикалық әрекеттерді жетілдіруде.     

– Балалардың жауынгерлік рухы мықты. Олар жарысқа сенімді дайындалып жатыр. Команданың мотивациясы өте жоғары, – дейді «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының ШҚО филиалы Республикалық қоғамдық төрағасы Дәурен Шоматов.  


 

 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив