ШҚО-да көкпар додасы мәреге жетті

ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 9-06-2025, 15:28 0

Катонқарағай ауылында Шығыс Қазақстан облысының ұлттық ат спорты түрлерінен XXIII халықтық спорт ойындары өтіп жатыр. Алғашқы күні Алтай ауданы көкпардан жеңіске жетті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Спартакиаданың алғашқы күні көкпар ойынымен басталды. Көкпар сайысы бойынша Катонқарағай, Алтай, Үлкен Нарын және Шемонаиха аудандары өзара додаға түсті.

Алтай ауданы 4 ұпаймен қарсыластарын артта қалдырып, алғашқы жеңісті қанжығасына байлады!

Айта кетейік, Катонқарағай ауылында Шығыс Қазақстан облысының ұлттық ат спорты түрлерінен XXIII халықтық спорт ойындары өтіп жатыр. Оған 13 аудандар мен қалалардан 287 спортшы қатысуда. 

Сайыс бағдарламасына көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату кіреді.


 

 

 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив