Шығыс Қазақстан облысындағы денсаулық саласын жемқорлық жайлаған көрінеді. Соңғы үш жылда бұ сала бойынша 134 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, 57 адам сотталған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Шығыс Қазақстанда "әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасарының қатысуымен сыбайлас жемқорлық схемасы ашылды.
Денсаулық саласында соңғы үш жылда 134 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, 57 адам сотталған. Осындай лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттері азаматтардың сеніміне нұқсан келтіріп қана қоймай, медициналық қызметтердің тиімділігінің төмендеуіне және мемлекеттік қаражаттың мақсатсыз жұмсалуына әкеліп отыр.
Ағымдағы жылдың маусым айында Орталық органның және оның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен сыбайлас жемқорлық схемасы ашылған. Осылайша, "әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасарының әрекеті әшкере болған. Ол денсаулық сақтау субъектісіне халыққа медициналық қызмет көрсету үшін бөлінген 400 млн теңгеден астам қаражатты жүйелі түрде ұрлады деген күдікке ілінген.
Жемқорлық әрекеті медициналық ұйымның "Damumed" ақпараттық жүйесіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Өскемен тұрғындарына көрсетілген қызметтер туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізу жолымен жасалған. Іс жүзінде медициналық қызметтер көрсетілмеген, отыз мыңнан астам "тіркелгені"анықталған.
Сонымен қатар, ол жеке медициналық мекеменің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз қатысып, қордың ұрланған қаражатын, оның ішінде қымбат мүлікті сатып алу арқылы заңдастырды деп те күдікке ілінген.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынған. Тергеу жалғасуда, шенеунік пен басқа адамдардың басқа қылмысқа қатысуы тексерілуде.