Өскеменде жәрмеңке өтеді
17 қазанда Өскеменде «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағында (Жібек жолы көшесі, 44) Риддер қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеде ұсынылатын өнімдер:
Сиыр еті – 1,7 тонна;
Жылқы еті – 2,5 тонна;
Қой еті – 0,6 тонна;
Сары май – 20 келі;
Қант – 250 келі;
Ірімшік – 40 келі;
Жұмыртқа – 1800 дана;
Балқытылған май – 100 бөтелке;
Шұжық өнімдері – 50 келі.
Сондай-ақ «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағында Дүниежүзілік нан күнін мерекелеу аясында қаламыздың жергілікті наубайханалары жаңадан піскен нан-тоқаш және кулинария өнімдерінің мерекелік сатылымын ұсынады.
Сонымен қатар «Дос-Нар» сауда үйінде (Виноградов көшесі, 17а) ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетін болады.



