Жаңалықтар

Өскемен металлургиялық алаңында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

1 қазанда ШҚО Экология департаменті «Казцинк» ЖШС металлургиялық кешенінің Өскемен металлургиялық алаңына жоспардан тыс тексеру жүргізуді аяқтады. Тексеруге қаланың өнеркәсіптік аймағындағы ауаның ластануына қатысты тұрғындардан түскен шағымдар себеп болған.

ШҚО Экология департаментінің хабарлауынша, зертханалық зерттеулер нәтижесінде атмосфераға шығарылатын зиянды заттар мөлшерінің белгіленген нормадан асқаны анықталды.

Тексеру барысында кейбір газ тазарту қондырғыларының дұрыс жұмыс істемейтіні белгілі болды. Соның салдарынан өндірістен шығатын газдар жобада көзделген деңгейде тазартылмаған.

Тексеру қорытындысы бойынша заңды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328 және 331-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар ШҚО Экология департаменті кәсіпорынға заңбұзушылықтарды жою, жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету және газ тазарту қондырғыларының тиімділігін қалпына келтіру туралы міндетті нұсқамалар берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button